«Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жиенбет негізгі мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ»
24
ноябрь
2023

«Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ»

          Жиенбет негізгі мектебінде 8-20 қараша  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының жоспарына сәйкес мектеп инспекторы Н.А.Қыздарбеков мектеп оқушыларына "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.   Дәрістің мақсаты балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Жиенбет негізгі мектебінде барлығы 75 оқушы білім алады. Оның ішінде 30 оқушы 1-4 сынып, 45 оқушы 5-9 сынып оқушылары. Дәріске барлығы 15 ұл бала қатысты. Мектеп психологы Ж.Д.Нургалиева зорлық –зомбылықтың алдын алу және агрессияға бейімділігі бар балалармен жұмыс жоспарына сәйкес ұлдармен болған жиналысқа қатысты.