Ақыл айтпа, жол көрсет. » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жиенбет негізгі мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Ақыл айтпа, жол көрсет.
24
ноябрь
2023

Ақыл айтпа, жол көрсет.

Жиенбет негізгі мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау бұрышының жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Ақыл айтпа, жол көрсет " тақырыбында сабақ өткізілді.


Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді


Мойынсұнбау – баланың оған деген қарым-қатынастың дұрыс болмауына қарсы тұруы 


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.
2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық.

Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады.
  2. Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі.