auyl.daryn.kz олимпиадасының ашылу салтанаты » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » auyl.daryn.kz олимпиадасының ашылу салтанаты
20
ноябрь
2023

auyl.daryn.kz олимпиадасының ашылу салтанаты

auyl.daryn.kz олимпиадасының ашылу салтанаты

Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады.
Жиенбет негізгі мектебінде 2023-2024 оқу жылының ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін республикалық пәндер олимпиадасы ашылу салтанаты болды.
Ашылу салтанаты кезінде мемлекеттік Әнұран орындалып, алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Сейпишева Аксункар Альдибаевнаға берілді.
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Толисбаеыва олимпиада ережесімен таныстырып өтті:
-Олимпиада келесі бағыттарда жалпы білім беретін пәндер бойынша 13 пән бойынша өтеді.
1. Жаратылыстану-математика бағыты
2. Қоғамдық –гуманитарлық бағыт

Олипиада 3 кезеңнен өткізіледі
1-кезең (бастапқы) -20 қараша күні
2-кезең (іріктеу) – желтоқсан айында
3-кезең (республикалық)- ағымдағы оқу жылының қаңтар айында
Олимпиада «1 қатысушы-1 компьютер-1 камера» ережесі сақталынады
Олимпиада қорытындысы 2 аптадан кейін daryn.kz сайтында жарияланады.
Пән мұғалімдері 9-сынып оқушылары арасындағы пән олимпиадасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тіледі!