Іс-шаралар » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
                                                       14 – наурыз көрісу Амал мерекесі Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай
11
март
2024
Мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай
     Қаратай Тұрысов  – өмірін туған елінің өсу, өркендеу, одан тәуелсіз ел ретінде қалыптасу, іргесін бекіту жолында сарп еткен жан.      Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының бір түкпіріндегі Талас өзенінің бойындағы қырғыздармен шекаралас Жас өркен ауылында дүниеге келген.       Қаратай Тұрысов Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, егемен елдің билік институттарын қалыптастыруға, Қазақстан парламентаризмінің негізін қалауға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға елеулі үлес қосты. Әр
Халықаралық әйелдер күні
07
март
2024
Халықаралық әйелдер күні
Әр жыл сайын, көктем айының бірінші айында келетін 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әжелеріміз бастаған, Аналарымыз, әпке-сіңілі, қарындастарымызды, ұстаз апайларымызды, құрбыларымыз бен келін, жеңгелеріміз!  Әр мерекеде гүл жайнап, бар болыңыздар, нар болыңыздар! Көңілдеріңізді мұң шалмай, жүздеріңізден күлкі кетпесін!Отбасының ұйытқысы мен қуанышы болған нәзік жандылар мерекелеріңіз құтты болсын!  Жиенбет негізгі мектебінің оқушылары "Ана өмірдің гүлі" атты
8-наурыз Тәрбие сағаттары
06
март
2024
8-наурыз Тәрбие сағаттары
Әсем әуен әйел деген ат қандай!?  Астарында алапат күн жатқандай.  Айсұлулар, Ақботалар …..Ақмаңдай,  Ажарынан алтын нұр –таң атқандай. Күн нұрынан жандарына нәр алған,  Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан.  Әйел-аққу айдындарда таранған,  Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған. Әйел-сыры таусылмайтын сыр еді,  Әйел-Ана тіршіліктің тірегі.  Ана, Ана! Ана жердің жүрегі,  Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді.            Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы
Алғыс күні
01
март
2024
Алғыс күні
              Шұғылалы көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке – Алғыс айту күні.         Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мереке ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптелетін, қиын-қыстау замандарда мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртатынын айтады.
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
27
февраль
2024
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
Жиенбет негізгі мектебі 2023-2024 оқу жылы «Құқықтық білім беру,құқықбұзушылықтың алдын-алу айлығы»  жоспарына сәйкес 27- ақпан күні «Қылмыс және жеткіншек» тақырыбында аймақтық инспектор Н.А.Қыздарбековпен кездесу өткізілді. Кездесуге 25 оқушы қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Нугыманова «Құқық бұзушылықтың алдын-алу  басты міндет» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты:   Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі
Қыздармен жұмыс
19
февраль
2024
Қыздармен жұмыс
Кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын  алу бойынша  «Қыз елдің көркі»  тақырыбында 7-9 сынып қыз балалар арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа  ДТІЖО Нугыманова Н.С. медбике Т.Искакова , мектеп психологы Ж.Нургалиева  қатысуымен ерте жүктіліктің  алдын алу бойынша ақыл –кеңестер беру, бейнероликтер көрсету арқылы жұмыстар жүргізілді. 
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
09
февраль
2024
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
«Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу» айлығының жоспарына сәйкес « Үстел теннисі» үйірме жетекшісі А.Б.Асен ұйымдастыруымен балалардың бос уақытын тиімді қолдану, денсаулықты нығайту, оқушылар арасында достық сыйластықты нығайту мақсатында жарыс өткізілді. Жарысқа қатысқа оқушыларға мақтау грамотасымен ,жеңімпаз оқушыларға сәйкесінше медальдар табысталды.
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
06
февраль
2024
Құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы
6.02.2024 жылы 5-9 сынып оқушыларымен  ДТІЖО Н.С.Нугыманова , мектеп медбикесі Т.Искакова  «Нашақорлық -ауыр дерт»  тақырыбында ақпараттық  сағатын өткізді.  Мақсаты:жасөспірімдер арасында зиянды заттардың қолдану зияндылығы туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында СНЮС, басқа да есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау,құқық бұзушылықтың алдын алу.
Даналық мектебі Аталар кеңесі
19
декабрь
2023
Даналық мектебі Аталар кеңесі
Даналық мектебі “Аталар кеңесі” «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін  талқылау.  Міндеттері:  1) Шежіренің сырын, мағынасын ашу 2) Қан тазалығы ұлт болашағы екеніне назар аудару 3) Әулет тарихын білудің мәнін түсіндіру Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай өткізілген “Төле би және ұлттық рух” онкүндіктің жоспарына сәйкес “Сұрасаң, бата берейін!” Бата беру