Мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай
11
март
2024

Мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай

     Қаратай Тұрысов – өмірін туған елінің өсу, өркендеу, одан тәуелсіз ел ретінде қалыптасу, іргесін бекіту жолында сарп еткен жан.

     Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының бір түкпіріндегі Талас өзенінің бойындағы қырғыздармен шекаралас Жас өркен ауылында дүниеге келген.

      Қаратай Тұрысов Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, егемен елдің билік институттарын қалыптастыруға, Қазақстан парламентаризмінің негізін қалауға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға елеулі үлес қосты. Әр жылдарда жоғары деңгейдегі бірқатар жауапты қызметерді  абыроймен атқарды. Қаратай Тұрысов – қарапайымдылық пен қайраткерліктің, адамгершілік пен адалдықтың, отаншылдық пен ұлтжандылықтың озық үлгісін көрсеткен біртуар азамат болған.
      Мектеп оқушыларына "Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың  өмір жолы" презентация мен "Қара нардай Қаратай"  деректі фильм көрсетілімі ұсынылды.

Похожие публикации:

16 сентябрь 2016 Мектеп әкімшілігі