8-наурыз Тәрбие сағаттары » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз Тәрбие сағаттары
06
март
2024

8-наурыз Тәрбие сағаттары

Әсем әуен әйел деген ат қандай!? 
Астарында алапат күн жатқандай. 
Айсұлулар, Ақботалар …..Ақмаңдай, 
Ажарынан алтын нұр –таң атқандай.
Күн нұрынан жандарына нәр алған, 
Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан. 
Әйел-аққу айдындарда таранған, 
Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.
Әйел-сыры таусылмайтын сыр еді, 
Әйел-Ана тіршіліктің тірегі. 
Ана, Ана! Ана жердің жүрегі, 
Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді.
           Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. 
          Жиенбет негізгі мектебінің "Бастау" бірлестігі мұғалімдері мен 1-4 сынып оқушыларымен

                           «Аналарды ардақтау асыл дәстүр!» тақырыбында іс-шара өткізілді.