Хабарландыру » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
июнь
2017

Хабарландыру

Негізгі мектептің Үлгілік оқу жоспары
Құрметті ұстаз!




Негізгі мектептің Үлгілік оқу жоспары 18 пәннен тұрады.

«Жаратылыстану» пәні тек 5-ші сыныпта ғана емес, сонымен қатар 6-шы сыныпта да оқытылатын болады. Пәннің мазмұнында жаратылыстану-ғылыми біліммен қатар зерттеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту көзделіп отыр. Аталған пән бастауыш мектеп курсының жалғасы болып, 7-сыныптан бастап «Физика» «Химия» «Биология» «География» пәндері курстарын жүйелі оқыту үшін негіз болып табылады.

Математиканы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – негізгі және орта мектепте математика «Алгебра» және «Геометрия» болып екі пәнге бөлінбейді. Пәнді тұтас оқытудың пәнішілік кіріктіру мүмкіндіктерін іске асыруды анағұрлым тиімді етуге ықпалы зор. Математиканың бірыңғай курсын оқыту арқылы оқушылар математикалық әдістемелердің алуантүрлілігін түсінеді, бұл оқушыларға ғылым ретінде математика туралы үздік тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Оқушыларда құқықтық сауаттылықты күшейту үшін 9-сыныпта «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің орныныа «Құқық негіздері» пәні енгізіледі.

Қоғамтану компоненті тарих және өзін-өзі тану курстарында қарастырылған.

Жаңа үлгілік оқу жоспарының бұрынғы ҮОЖ-нан айырмашылығы – «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» жүйелі курстарын 5-ші сыныптан бастап бір уақытта енгізумен ерешелінеді.

Сондай-ақ, бастауыш және негізгі мектептерде «Бейнелеу өнері» мен «Технология» оқу пәндері «Көркем өнер» пәніне кіріктірілген.

Ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат сандары көбейтілген.

Білім сабақтастығын сақтау мақсатында оқу пәндерінің мазмұны «шиыршық» принципінің негізінде жасалған. Бұл қағидатқа сәйкес, белгіленген академиялық кезеңдердің аяқталуымен оқу мақсаттары қайта қарастырылып, берілетін білім мен дағдылар бірте-бірте тереңдетіліп, көлемі ұлғаяды. Тиісінше, пәндердің мазмұндық мәні мектепте оқыту бойында үздіксіз болып табылады.



Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы

Похожие публикации:

26 июнь 2017 Хабарлама
15 декабрь 2016 Қамқорлық акциясы