Хабарлама » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
июнь
2017

Хабарлама

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі
Құрметті ұстаз!




Бастауыш мектеп мұғалімдерінің стандартты апталық жүктемесі 18 сағатты құрайды.

Мұғалімнің оқу жүктемесін әрбір мектептің басшылығы бекітеді.

Оқыту тіліне сәйкес, бастауыш сынып мұғалімі негізгі пәндермен қатар қазақ немесе орыс тілдерін жетік білетін жағдайда, орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» және қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Орыс тілі» сабақтарын жүргізе алады.

Бастауыш мектеп мұғалімінің апталық жүктемесі 18-19 сағатты құрауы мүмкін: сауат ашу – 6 с., математика – 4 с., жаратылыстану (жаңа пән) – 1 с., дүниетану – 1 с., музыка – 1 с., өзін-өзі тану – 1 с., көркем еңбек – 1 с., дене тәрбиесі – 3 с., вариативті компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) – 2 с.

Биыл «Жаратылыстану» пәні енгізіледі. Ол апталық оқу жүктемесінің бір сағатынан тұрады.

2016 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту кезінде сынып топтарға бөлінетінін ескеру қажет. Бұл пәнді 1-сыныпта сертификаты жоқ мұғалім оқу жылы аяғына дейін сертификатты алатын жағдайда оқыта алады.

1-сынып мұғалімі қосымша сағатты үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен алуы керек.

Мұғалім көркем еңбекті сертификатсыз оқытуға құқығы бар. Дегенмен, аталған пән бойынша мұғалім оқу жылының соңына дейін біліктілікті арттыру курсынан өтетін болады.

Жаңартылған білім мазмұнына көшу кезінде қалған сыныптар үшін 2017-2018 оқу жылына арналған оқу жүктемесі есептеліп жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптардың оқу жүктемесі беріледі.

Қорытындылай келе, сағаттардың жалпы саны бұрын қабылданған нормативтер шегінде қалатынын айтқымыз келеді.

Похожие публикации:

26 июнь 2017 Хабарландыру
16 сентябрь 2016 Мектеп әкімшілігі