Іс-шаралар » Страница 6 » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлылық ұстаздан"
29
апрель
2021
"Ұлылық ұстаздан"
Жиенбет негізгі мектебі Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Оңланбек 5-7 сыныптар арасында "Ұлылық ұстаздан" тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сайыс барысында сыныптар Ы.Алтынсарин өлеңдері арқылы топқа бөлініп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ы.Алтынсариннің шығармалары мен өлеңдерінен сұрақтар беріліп, оқушылардың шапшаңдығы мен білімдері сынға түскен қызықты сайыс өткізді. Ұлылар ұлағаты, өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза,
"Жол ережесінің қауіпсіздігі"
27
апрель
2021
"Жол ережесінің қауіпсіздігі"
Жиенбет негізгі мектебі Шу ауданы білім бөлімінің "Жол ережесінің қауіпсіздігі" айлығы аясында бастауыш сыныптарда "Жол ережесін білу-бәріне міндет" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Жолда жүру ережесінің мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Міндеттері:  -Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету; Тәртіптілікке, сақболуға көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Жол тәртібін жадында ұста! Арманға алда күткен асығамыз.
"Ы.Алтынсарин-ағартушы, педагог, ғалым, ақын, жазушы".
27
апрель
2021
"Ы.Алтынсарин-ағартушы, педагог, ғалым, ақын, жазушы".
Ы.Алтынсариннің 180-жылдығына орай Жиенбет негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Ж.Төреқұлова 7-9 сыныптар арасында "Ы.Алтынсарин-ағартушы, педагог, ғалым, ақын, жазушы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ы.Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының келешекке ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіру. "Дөңгелек үстел" 180 жыл бұрын (1845-1889ж) Қазақстанның аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы
"Парасат жолы"
22
апрель
2021
"Парасат жолы"
Кітапханашы К.Әрістееваның ұйымдастыруымен Жиенбет негізгі мектебінде "Парасат жолы" жобасы аясында парасаттылықпен әділдікті насихаттау мақсатында мектеп кітапханасында "Парасат жолы" бұрышы ашылды. К.Әрістеева оқушыларға адалдық жолында жүріп өткен зиялы қауым өкілдерінің өмірі мен еңбектері туралы таныстырып, қызықты ақпараттармен бөлісті.  
"Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы"
22
апрель
2021
"Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы"
Жиенбет негізгі мектебінде Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай 19-21 сәуір аралығында сыныптар арасында бірыңғай "Ы.Алтынсариннің еңбектері-тәрбиенің алтын діңгегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ыбырай атамыздың қазақ балаларының білім мен тәрбие алуына ерекше үлес қосқандығы мәлім. Сынып сағаттарын өткізудегі мақсат-әр баланың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, жауапкершілік қасиеттерін дарыту болып табылады. Ы.Алтынсариннің қай әңгімесін алсақта, тұнып тұрған білім мен
"Ерте жүктіліктің алдын - алу"
16
апрель
2021
"Ерте жүктіліктің алдын - алу"
Жиенбет негізгі мектебінде мектеп директоры А.Сейпишева, ДТІЖО К.Талдыбаеваның қатысуымен, мектеп психологы Ж.Нұрғалиева "Ерте жүктіліктің алдын - алу" тақырыбында 7-8-9 сынып қыздарымен видеороликтер мен слайдтар көрсете отырып, қыз балаларға көптеген кеңестер берді. Қыз балаларға болашағына қатысты өзекті әңгімелер жүргізілді. "Қыз бала қылығымен" деп еліміздің ертеңі боп келетін қазақи қасиеттерді бойына сіңірген қазақ қыздарының инабаттылығын дарыту мақсатында өткізілді.
Қайырымдылық көмек
08
апрель
2021
Қайырымдылық көмек
Жиенбет ауылы, Жиенбет негізгі мектеп ұжымы "Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз" мерекесіне орай қайырымдылық акциясы аясында ауылымыздың тұрғыны асыраушысынан айырылған көпбалалы ана С.Пралиеваға азық-түлік арқылы қайырымдылық көмек көрсетті.
"Әр жанұядан бір ағаш"
08
апрель
2021
"Әр жанұядан бір ағаш"
Жиенбет негізгі мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай "Ұлыстың Ұлы күні Наурыз" мерекесінің іс-шара жоспары бойынша "Әр жанұядан бір ағаш" челленджі ұйымдастырылды.
"Көрісу күні"
08
апрель
2021
"Көрісу күні"
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жиенбет негізгі мектебінде "Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз" мерекесін өткізу іс-шара жоспарына сәйкес "Наурыз кәдесі" тақырыбында салт дәстүрімізді дәріптеу арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, дәстүрлі мерекелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-9 сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
"Бауырсақ пати"
08
апрель
2021
"Бауырсақ пати"
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар, Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті арқауы, Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар. Жиенбет негізгі мектебінде Ұлыстың Ұлы күнін мерекелеуге орай "Ас атасы нан, нан атасы дән" ұлттық дәстүрдегі тағамдарды дәріптеу мақсатында 1-9 сыныптар арасында "Бауырсақ пати" байқауы ұйымдастырылды.