29
апрель
2021
"Ұлылық ұстаздан"
Жиенбет негізгі мектебі Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Оңланбек 5-7 сыныптар арасында "Ұлылық ұстаздан" тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сайыс барысында сыныптар Ы.Алтынсарин өлеңдері арқылы топқа бөлініп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ы.Алтынсариннің шығармалары мен өлеңдерінен сұрақтар беріліп, оқушылардың шапшаңдығы мен білімдері сынға түскен қызықты сайыс өткізді. Ұлылар ұлағаты, өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрленіп, рухани әлдене білейік деп Ғ.Оңланбек сайыс сабағын қорытындылады.

















