«Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» айлығы » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» айлығы
06
декабрь
2018

«Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» айлығы

Жиенбет негізгі мектебі 2017 – 2018 оқу жылы
«Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу»
Айлығы бойынша атқарылған іс-шараларға
мәлімет

Жиенбет негізгі мектебі бойынша «Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сай бірқатар тәрбиелік шаралар өткізілді. Атап айтсақ 8-9 сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмір салтын қалаймыз» тақырыбында 9-сынып оқушылары Керей Гүлназдың жазған шығармасы көзге түсіп, ерекше аталды.
«Есірткісіз болашақ» ұранымен 7-9 сыныптар арасында сурет салу, плакаттар жасалып ілінді. Мектеп медбикесі үгіт-насихат жүмысын жандандыру мақсатында 5-9 сынып оқушыларына «Есірткі есіңді кетірмесін» атты дәріс оқып, есірткінің зиянды жағын жан-жақты түсіндірді.
«Есірткісіз жарқын өмір» тақырыбында 7-9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп психологы өз тарапынан оқушыларға жаман әдеттерге әуес болмау керек екендігін айтып, тренинг өткізді.
5-6 сынып жетекшілерімен аға тәлімгер З. Абақованың ұйымдастыруымен оқушыларға «Нашақорлық аса қауіпті дерт» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Видеодан нашақор өмірінен үзінді көрсетіп, нашақорлық дертінен сауығу өте қиын екендігін айтып түсіндірді.
«Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» жұмысын қортындылай келе оқушыларды ден саулығын күту және спортқа баулу мақсатында спорттық жарыстар өткізілді.
Жарыс нәтижесінде жас ерекшеліктеріне қарай І орынды Шынтемір Абзал, Жедеғабыл Жансерік, қыздар арасында Тілеуқұл Ақсезім иеленді. ІІ орынды Бауыржан Алмат,. ІІІ орынды Бақтыбек Мейіржан, Төлеген Арман, Жедеғабыл Аружан иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар өткізілген іс шараларға белсенді қатсып, көзге түскен оқушылар да мадақталып, марапатталды.