«Мектепке жол» республикалық акциясы » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Мектепке жол» республикалық акциясы
06
декабрь
2018

«Мектепке жол» республикалық акциясы

2018-2019 оқу жылы
«Мектепке жол» республикалық акциясы барысында
1-тамыз-30-қыркүйек аралығында атқарылған жұмыстарға
Мәлімет

Жиенбет негізгі мектебінде "Мектепке жол" акциясы барысында 1-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында мектептің ықшам аудандарына бөлінген мұғалімдердің мәліметтері бойынша аз қамтылған, көп балалы 7 отбасынан 20 бала екендігі анықталды. Мектептің мөлтек аудандарында рейдтер ұйымдастырылды. Рейд барысында ата-аналардың қарауынсыз қалған оқушылар анықталған жоқ. Ақпарат құралдары арқылы барлық балаларды
Міндетті орта білім алу құқықтары мен қамтамасыз ету бойынша тү сіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқымайтын және мектеп жасына жетпеген балаларды анықтап тізімі жасалды. Мектепте акция туралы көрнекі құралдары жасалынып, банерлер ілінді. Мектепте акция барысында әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар анықталып, оларға материалдық көмек көрсетілді.
Акция барысында ауыл тұрғындары, ауылдан шыққан кәсіпкерлер және Шу қаласының белгілі азаматтары ,сонымен қатар мектеп ұжымы өз үлестерін қосты. Атап атар болсақ:
Демеушілік көмек көрсеткен :
• Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері- Бейсенбаев Бақыт Сакенұлы -10000тг
• 35-Шу белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы-Баялиев Нұрлан мырза-21000
Ауылымыздын беделді азаматтары :
• Онбаев Ермек ағай-5000тг
• Бает Есболат-5000тг
• Қарлығаш тате -5000тг
Мектебіміздің ардагер және ұлағатты ұстаздары:
• Құсайынова Баян татей-10000тг
• Беккулова Шария татей-10000тг
• Мектеп ұжымы-10000 тг
Демеушілеріміздің атынан оқушыларға мектеп сөмкесі, киім -кешек және оқу құралдары , спорт киімдері табыс етіледі. Аз қамтылған 20 оқушы толық қамтамасыз етілді.
Акция өз дәрежесінде, ұйымдастырылып, жоғарғы дәрежеде өткізілді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы