«Құқық бұзушылықтыңалдын-алу - басты міндет» » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтыңалдын-алу - басты міндет»
08
ноябрь
2023

«Құқық бұзушылықтыңалдын-алу - басты міндет»

«Құқық бұзушылықтыңалдын-алу - басты міндет» 


Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір

азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және

зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық

нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез

- құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің

әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық

сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру

айрықша міндетті іс.

Бүгінде оқушылармен  жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқында өткізілген сыныптан тыс іс-шарада ДТІЖО Н.С.Нугыманова  «Құқық бұзушылықтыңалдын-алу - басты міндет» тақырыбында баяндама оқып, оқушылар өз ойларын жеткізді.

Мектеп оқушыларына «Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында факультативтік сабақтың мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Ең алдымен оқушыларды әлімжеттік пен бопсалау не екендігі жайлы және оның алдын алу шаралары туралы айтылды. «Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» , «Әлімжеттік-әлсіздік» тақырыптарында оқушыларға бейне материалдар ұсынылды, өз ойларын ортаға салды. Мектеп психологы Ж.Д.Нургалиева тренинг жүргізіп, оқушыларға "Komek Stop Bullying" QR -кодымен таныстырды.