Жиенбет негізгі мектебінің денешықтыру пәні мұғаліміне конкурс жариялау » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жиенбет негізгі мектебінің денешықтыру пәні мұғаліміне конкурс жариялау
07
апрель
2022

Жиенбет негізгі мектебінің денешықтыру пәні мұғаліміне конкурс жариялау

Лауазымдық міндеттері:    
  Балалардың дене тәрбиесі әдістемесі мен бағдарламасына  сәйкес оқыту жұмыстарын жүргізеді. Олардың жас ерекшеліктері бойынша  дайындалуының  мазмұны мен  міндеті, жеке психофизикалық ерекшеліктерінің  жетілуін анықтайды. Балаларға дене тәрбиесі сабағы кезеңі кезіндегі  балалардың  өмірінің қауіпсіздігіне  жауап береді.  Балаларды дене тәрбиесі жаттығуларын жасау техникасына үйретеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Санитарлық- гигиеналық тәртіптің сақталуын қадағалап отырады. Медицина қызметкерлерімен бірге  балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік алады. Салауатты өмір салтын таратады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен тығыз байланыста  жұмыс жасайды.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңын,  "Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы"Заңын, "Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы" Заңдарын, педагогика және психология негіздерін.
Лауазымдық айлық ақы мөлшері
Айлық ақы еңбек өтіліне және санатына қарай орта есеппен алғанда 100-130000 теңге.

Похожие публикации:

10 март 2021 Хабарлама
26 июнь 2017 Хабарлама