Үстел теннисі » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2021

Үстел теннисі

Жиенбет негізгі мектебінің шәкірттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту мақсатында үстел теннисінен 2006-2008ж.т. 2009-2010ж.т. 2011 және одан төмен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Талас ауданындағы / 33 БЖСМ-нің облыстық ашық біріншілігіне қатысты. Жарыстың мақсаты: Үстел теннисін ауыл жасөспірімдер арасында насихаттау; шеберлігін шындау;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған. Жарыста мектебіміздің шәкірттері 3-сынып оқушысы Түлкібай Ұлдана 1-орын, Елубай Іңкәр 2-орын, Түлкібай Сезім 3-орынды иеленіп диплом және жүлделі орындармен марапатталды. Жеңістерін құтты болсын жас спортшылар.