24
ноябрь
2023
Ақыл айтпа, жол көрсет.
Жиенбет негізгі мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау бұрышының жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Ақыл айтпа, жол көрсет " тақырыбында сабақ өткізілді.
Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді
Мойынсұнбау – баланың оған деген қарым-қатынастың дұрыс болмауына қарсы тұруы
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.
2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық.
Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Күтілетін нәтижелер:
- Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады.
- Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі.