Ата-аналарды қолдау бұрышының 1 сабағы » Жиенбет негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жиенбет негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2023

Ата-аналарды қолдау бұрышының 1 сабағы

Ата-аналарды қолдау бұрышының мәліметі

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бұрышы – 

ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

     1-4 cынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасына сәйкес қазан айында        «Отбасы - бақыт бесігі», «Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам»  тақырыптарында сабақ өткізілді. Мазмұны: Балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі. Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі. Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері. Мектеп психологы   отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас тренингін өткізді. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




        5-9 cынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасына сәйкес «Баланың бас ұстазы – ата-ана»,«Позитивті тәрбие» тақырыбында сабақ өткізілді. Мазмұны:

1. Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері

2. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету 

3. Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамыту

4. Позитивті тәрбиенің принциптері мен ережелері. Позитивті тәрбиенің ұлттық бастаулары

5. Ата-ананың позитивті тәрбие нәтижесіне қанағаттануы және психологиялық саулық